ФИЗИКАДАН 23-ШІ АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

ФИЗИКАДАН 23-ШІ АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді:
Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.
Екі оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды.
Даир Нұртаев, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, павлодар қаласынан.
Марғұлан Нұрсағатов, №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, Алматы қаласынан.

Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен Халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.