ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Абай облысына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Өңір тұрғындары министрге мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру саласына қатысты сұрақтарын қойды.
Ғани Бейсембаев олардың бәріне толыққанды жауап берді. Зерделеп қарау үшін қосымша уақытты талап ететін кейбір мәселелер министрдің бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына сәйкесті тапсырмалар берілді.