ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛҒАШ РЕТ «ASTANA HALF 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛҒАШ РЕТ «ASTANA HALF 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ

Астана қаласында 21 мамыр күні  «Astana Half 2023» республикалық  дәстүрлі марафоны өтті.  

Дәстүрлі спорттық-көпшілік шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Министрліктің бір топ қызметкері қатысты. Марафоншылардың қатарында департамент, басқарма басшылары да бар. Олар марафон шарты бойынша 21,1 және 5 шақырымға жүгірді.

Айта кету керек, ұжым атынан марафонға топ болып қатысу дәстүрін алғаш рет Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері енгізіп отыр.

Министрлік қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қайырымдылық игі іске атсалысуды да мақсат етеді. Аталған марафонға қатысушылардың тіркелу жарнасының бір бөлігі «AYALA» республикалық қайырымдылық қорына аударылады және ол балалар ауруханаларын жабдықтауға бағытталады.

Министрлік қайырымдылық бағытындағы спорттық, мәдени іс-шараларға қолдау білдіреді.