СЕМЕЙЛІК ОҚУШЫ БАЙЛАНЫССЫЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

СЕМЕЙЛІК ОҚУШЫ БАЙЛАНЫССЫЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов медицина қызметкерлеріне арналған QEFO.KZ қосымшасын ойлап тапты.
QEFO өнімі — бұл ыңғайлы және маңызды аксессуар. Оның орнында кулон, сағат бауы немесе брелок болуы мүмкін. Ең бастысы, мұнда кез-келген смартфонның камерасы арқылы оқуға және адам туралы ақпаратты білуге болатын шағын QR-код суретінің болуы.

«Мұндай мәліметтер жиынтығы MEDICAL ID (медициналық ID) деп аталады. Мәселен, Медициналық ID IPhon-да бар және смартфон бұғаттаулы болған жағдайда да, оған қолжетімділік шектелмейді, ол арқылы медициналық қызметкерлер пациент туралы ақпаратты 5 секундта біле алады», — дейді Нұрлыхан.

️Егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдар — медициналық идентификатордың қажет болатындығының айқын айғағы. Спортшылар, туристер, мүгедек балалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар — кез-келген адам дәрігерге ол туралы толық ақпарат білуі қажет жағдайға тап болуы мүмкін.

«Мұндай аксессуарлар қоғам үшін аса пайдалы: төтенше жағдайларда өмір үшін аса маңызды минуттар жеке тұлғаны анықтауға зая жұмсалмайды. Білезік электронды емес, ол қарапайым ғана. Оларда 5G антенналары мен чиптер жоқ. Білезік қолданушысын микротолқындармен сәулелендірмейді және деменция қаупін тудырмайды. Бұл жәй ғана гипоаллергенді силикон және QR коды бейнеленген нейлон. Мұндай аксессуарлар қауіпті болып табылмайды. Өз идеямды жүзеге асыру үшін сайт құрастыратын — tilda-да сайт жасадым. Сайтта адам туралы жеке деректер сақталады, содан кейін QR-кодты әзірлеп, оған сайттағы деректерді енгіздім», — дейді өз өнертабысымен бөліскен тоғызыншы сынып оқушысы.

Атап өту керек, Нұрлыхан «QEFO.KZ» байланыссыз медициналық карталар» жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындауда.
Оның жетекшілері информатика пәні мұғалімдері Жалелова Ғалия мен Санғалиева Гүлмира болып табылады.