12 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ 57-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

12 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ 57-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

🥈Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

🥈Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;

🥉Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

🥉Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

🥉Диас Қоршыбек - мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

🥉Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

🥉Әліби Мұғалім - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

🥉Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

🥉Әділжан Молдағұл - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

🥉Абылай Кабдулхадыр - Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

🥉Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

🥉Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.

❕Естеріңізге сала кетейік, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.