21 КОМАНДА РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

21 КОМАНДА РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Астанада өткен Robotek Grand Tournament-2023 республикалық чемпионаты мәреге жетті. Оған өңірлік кезеңнен іріктелген 130 команда қатысты.

260 оқушы кіші, орта және үлкен жас топтар арасында жеті санат бойынша ең үздік атағы үшін сынға түсіп, жеңімпаз 21 команда анықталды.

«Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі диплом, медаль және сертификаттармен марапатталды. Командаларды дайындаған мектептер робототехника бойынша тегін курстардан өтуге мүмкіндік алды», -дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Чемпионаттың іріктеу кезеңі еліміздің барлық өңірлерінде өткен болатн. Оған үш мыңнан астам оқушы қатысты. Сондай-ақ чемпионатты өткізу кезінде командалардың басшылары мен жаттықтырушылары үшін робототехника саласындағы заманауи үрдістер, техникалық шығармашылық пен инновацияларды дамыту бойынша шеберлік сыныптары мен дәрістер ұйымдастырылды.