169 ОҚУШЫ ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

169 ОҚУШЫ ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Елімізде 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада басталды. Оқушылардың  білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай Қазақстанның әр өңірінен 169 оқушы қатысуда.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының айтуынша, олимпиаданың республикалық кезеңі екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар эссе жазып, сұрақтарға ауызша жауап береді.  

Қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін көрсететін болады.

Олимпиада аясында жетекшілер үшін шеберлік сыныптары мен қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада 2014 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.