«МЕНІҢ КЛАСЫМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ БЕС МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚОСЫЛДЫ

«МЕНІҢ КЛАСЫМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ БЕС МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚОСЫЛДЫ

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының хабарлауынша, «Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды.

Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.