28 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Педагог-кәсіптік бағдар берушілер білім алушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік тәжірибелер мен әдістер ұсынады.
Келесідей тақырыптық секциялар өткізу жоспарланған:
* Кәсіптік бағдар берушінің жұмысын жоспарлау және кәсіптік бағдар берудің тиімділігін бағалау;
* Болашақ мамандықтары: мамандық таңдаудың психологиялық аспектілері;
* Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау: қолжетімділік және инклюзивтілік.
Пленарлық отырыс пен панельдік секциялардың трансляциясы Bilim 4.0 академиясының Youtube-арнасында қолжетімді болады: https://www.youtube.com/@BILIM40_UBA_edu_kz