ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесуге еліміздің 20 өңірінен 500-ге жуық жастар, колледждердің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Тараптар техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ашық диалог алаңында студенттер оқу жағдайларын жақсарту бойынша өз көзқарастарымен бөлісіп және еліміздің бас педагогына тікелей сұрақтар қоя алды. Олар стипендияны көтеруге, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға және шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндігіне қатысты болды.

"Министрлік техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттеріне стипендия 50% - ға, келесі жылдың көрсеткіші 100% - ға, яғни екі есеге дейін артады. Колледж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде колледж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептеледі. Колледж студенттері үшін жыл сайын 2000 - нан астам орынға жатақханалар салу жоспарлануда", - деді Ғайни Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 772 колледж жұмыс істейді, онда 517 мыңнан астам студент оқиды.