ЕЛОРДАДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

ЕЛОРДАДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты бойынша 21 сәуір күні «Ресурстық орталық – Қазақстандағы инклюзиті білім беруді дамытудың бастамасы» атты республикалық семинар өтеді.

Оған инклюзивті тәжірибелерді дамытудың аймақтық Ресурстық орталықтардың басшылары, білім басқармасының, әдістемелік кабинеттердің мамандары қатысады.

«Іс-шара ресурстық орталықтардың жұмысын жетілдіру және тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр. 2022 жылы елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 180 мың-нан асты. Психофизикалық дамудың бұзылуынан туындаған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шамамен 14% ғана –арнайы мектептерде толық көлемде білім алуда. Осы санаттағы қалған оқушылар және басқа себептерден болған оқуында кедергісі бар балалар еліміздің жалпы білім беру мектептерінде оқиды.
Семинарда еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың практикалық мәселелері қаралады",
 - деді орталық директоры Айкерім Кудеринова.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елімізде 21 облыстық Ресурстық орталық жұмыс істейді. Олардың қызметі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.

Толық ақпаратты сайттан ала аласыздар https://special-edu.k