ОКОЛО 100 ШКОЛЬНИКОВ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО ШАХМАТАМ

ОКОЛО 100 ШКОЛЬНИКОВ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО ШАХМАТАМ

Биыл елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлады Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы.

Республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астанада өтеді. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға жүлде қоры 500 мың теңге.

«Мемлекет басшысының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахматтан олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады»,– дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада еліміздегі шахмат қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.