ЕЛІМІЗДІҢ МЫҢНАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГІ КОУЧИНГ ҚҰРАЛДАРЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕНЕДІ

ЕЛІМІЗДІҢ МЫҢНАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГІ КОУЧИНГ ҚҰРАЛДАРЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕНЕДІ

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді.

Вебинар 28 наурыз күні сағат 15:00-де Facebook желісіндегі https://www.facebook.com/Orkeninstitut/ парақшасында онлайн режимінде өтеді.

«Мұндай вебинарлар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың, оқу үдерісін басқарудың тиімді жолдарын көрсету, сонымен қатар коучинг арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өміріндегі қиын жағдайларды шешу мақсатында өткізіледі», - дейді Даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.


Вебинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алады.