ОҚУЛЫҚТАРДЫ КІМ ЖАЗАДЫ?

ОҚУЛЫҚТАРДЫ КІМ ЖАЗАДЫ?

Оқулықтарды әзірлеу және басып шығару жұмыстары бәсекелі ортаға берілген. Осыған сәйкес қазіргі уақытта оқу әдебиеттерін авторлық ұжымдары қалыптасқан баспа үйлері әзірлейді. Дайын оқу әдебиеттері ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығынан мемлекеттік сараптамадан, барлық кезеңінен өткен оқулықтар ғана мақұлданады.

Авторлар тобын баспа үйлері кәсіби білімі, біліктілігі мен білім беру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі бар, оқулықтарды әзірлеу бойынша оқыту курстарынан өткен тұлғалар арасынан жасақтайды.

Мектеп оқулығы авторларының құрамында міндетті түрде кемінде 1 ғалым және 2 практик-мұғалім болуы тиіс.

Авторлар оқу әдебиетін Жалпыға міндетті білім беру стандарты және тиісті пәндерге арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жазады.