Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары

2023 ЖЫЛЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ГРАНТТАР САНЫ 50 МЫҢҒА АРТАДЫ

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде министрлік әкімдіктермен 9 сыныптан кейін колледжге  түсушілерге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға артады.

«Білім туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, осы санаттар бойынша колледждерге қабылдау квоталары тізімі толықтырылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасы балаларына 5%, толық емес отбасы балаларына 1%, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы балаларына 1% грант бөлінеді.

Тегін техникалық және кәсіптік біліммен ең алдымен әлеуметтік осал отбасылардың балалары қамтылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыс арқылы техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау көбейді. Металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салаларына басымдық берілетін болады. Қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша қабылданған студенттердің үлесі 50 пайызды яғни 61 мың  студентті құрап отыр.

 

МИНИСТРЛІК ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРМЕН БІРЛЕСІП, КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨТІНІМДЕРІ БОЙЫНША КАДРЛАРДЫ МАҚСАТТЫ ДАЯРЛАУДЫ ЕНГІЗІП ЖАТЫР

Президенттің тапсырмасы бойынша Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауды бастады.

Ол үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты маман дайындық туралы шарт жасасады. Бұл ретте кәсіпорын педагогтердің практикадан, тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені өзіне алады.

Білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарына сай жаңартылады, дуальды оқыту ұйымдастырылады, студенттер кәсіпорында практикадан өте алады.

Нәтижесінде түлектер кәсіпорындарда 100% жұмысқа орналасу мүмкүндігіне ие болады.

Осы оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент қабылданса, сондай-ақ келесі оқу жылына қосымша 10 мың талапкерді қамту жоспарлануда.

 

КОЛЛЕДЖДЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК БЕРІЛГЕН

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысының шеңберінде колледждерге академиялық дербестік берілді. Жылдам дамып келе жатқан еңбек нарығын ескере отырып, бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп бағдарламалардың мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындауға және жұмыс берушілердің талаптарына сай оқыта алатын болды. Түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде жас маманның дағдылары мен біліктілік деңгейі үлкен маңыздылығын ескеріп алдағы уақытта дипломға қосымша құзыреттілік картасы берілетін болады.

 

498 КӘСІПОРЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі – ірі бизнестің колледждерге қамқорлық көрсетуі. Тапсырмаға сәйкес бүгінде 498 кәсіпорын 410 колледжді қамқорлыққа алып отыр. Кәсіпорын өкілдері қамқоршылық кеңестерге кірді, жарақтандыру, студенттерді практикадан, педагогтерді тағылымдамадан өткізуді бастайды. Бүгінгі күнге 300 мыңнан астам студент пен 5 мың педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті.

 

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЕЛІМІЗДІҢ 558 КОЛЛЕДЖІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Дуалды оқыту 558 колледжінде енгізіліп, қамтылған студенттер саны 60,4 мыңнан 72 мың адамға дейін ұлғайды. Алдағы уақытта министрліктің жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыруға және уақытылы орындауға бағытталатын болады.