Асхат Аймагамбетов посетил Астраханскую сельскую школу Северо-Казахстанской области

Асхат Аймагамбетов посетил Астраханскую сельскую школу Северо-Казахстанской области
Еліміздің барлық аймағындағы мектептерге, балабақшаларға, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына жиі баруға тырысамын. Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болғанымда Астрахань ауылындағы мектепте болдым.
 
Сапар қорытындысы бойынша облыстың білім басқармасы басшысына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді. Бүгін ол биыл мектепте биология кабинетін жаңа модификациямен жабдықтау, көркем әдебиет, мектеп оқулықтарын сатып алу, ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп жиһаздарын сатып алу, мектептің жылы дәретханаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу және ғимаратты күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады.
 
Сапар барысында кемшіліктер анықталған барлық мектепті бақылауда ұстап, оларды жою жұмыстарын қамтамасыз етеміз.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid02K1zseBvEVvhG1DDnF7CDEVtDYgDiUwfRUETUPNvEUAfbPvxPGYJj44HGXPWBRisAl