ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШОЛПАН КАРИНОВА АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШОЛПАН КАРИНОВА АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жұмыс сапарымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында болды. Вице-министр екі облыстың педагогикалық қауымы, ата-аналары алдында есеп беру кездесулерін өткізді.

Шолпан Каринова қос облыс тұрғындарын министрлік жұмысының негізгі бағыттары мен білім саласындағы маңызды өзгерістер туралы хабардар етті.

Екі өңірде өткен есеп беру кездесулеріне 600-ден астам адам жиналды. Облыстардың әрқайсысында кездесулер 1,5-2 сағаттан астам уақытқа жалғасты. Жиынға қатысқандар Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Кариноваға өз сұрақтарын қоя алды. Қойылған сұрақтарға толық және жан-жақты жауаптар берілді. Тұрғындарды мұғалімдерді, тәрбиешілерді жұмысқа қабылдау, мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамыту мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен кәсіптік бағдар беруші педагогтер штатын енгізуге қатысты сұрақтар қойылды.

Есеп беру кездесуінен кейін бірінші вице-министр Шолпан Каринова азаматтарды жеке қабылдап, олардың барлық сұрағына жауап берді. Сондай-ақ жұмыс сапарлары кезінде мұғалімдермен және балабақшалардың, мектептердің, колледждердің, білім бөлімдері мен басқармалары басшыларымен кездесулер өткізді.