«КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЖЕҢІМПАЗДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА МҮМКІНДІК АЛАДЫ

«КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЖЕҢІМПАЗДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА МҮМКІНДІК АЛАДЫ

Қазақстанда «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Жоба жеңімпаздары еліміздің ірі кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгін колледждің үздік студенттерін марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Ол студенттерді жеңіспен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.

«Республикалық кезеңде үздік атақ үшін барлық облыстың колледж студенттері таласты. Бүгін колледждің 100 үздік студентін марапаттағалы отырмыз. Олардың барлығы облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары. Сіздерді жеңіспен құттықтап, жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, алға ұмтылуды, өз ісіңіздің кәсіби маманы атанып, еліміздің дамуына үлес қоса берулеріңізге тілектеспін. Мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім беруге ерекше назар аударып отырғанын атап өткім келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада біз оқуға түскісі келетіндердің барлығын сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті өз сөзінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Колледждердің «ТОП-100» студентін қазақстандықтар 2022 жылғы 1 қараша мен 15 қараша аралығында өткен онлайн дауыс беру арқылы анықтады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары туралы толық ақпаратты https://kasipkor.kz/prod/top100/index.php ресми интернет-ресурсынан білуге ​​болады.