Асхат Аймағамбетов критериалды бағалау жүйесіндегі маңызды өзгерістер туралы

Асхат Аймағамбетов критериалды бағалау жүйесіндегі маңызды өзгерістер туралы

Сенбі күні зерттеушілермен және сарапшылармен кезекті кездесу өткіздім.

Бұл жолы бағалау тақырыбын талқыладық.
Кездесуге Лондон Корольдік колледжінің, Утрехт университетінің қазақстандық зерттеушілері, Назарбаев Университетінің профессорлары, «Білім-Инновация» лицейлері желісінің өкілдері, НЗМ ПШО (Педагогикалық шеберлік орталығы) тренерлері, ғылыми орталықтардың сарапшылары, КЕАҚ өкілдері, жекеменшік мектептер, бастауыш сынып мұғалімі мен мектеп директорының орынбасары және т.б. қатысты.

Олар критериалды бағалау жүйесіне қатысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Қатысушылар ұстаздарды мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен (teacher’s book) яғни егжей-тегжейлі әзірленген сабақ жоспарымен, дидактикалық материалдармен, сұрақ қоюмен, дескрипторлар және анықтама құжаттармен, сабаққа дайындалу бойынша нұсқаулықтармен қамтамасыз ету қажеттігі туралы сөз етті. Сонымен қатар кездесуде бағалау рәсімдерін одан әрі цифрландыру және электронды журналдардың мүмкіндіктерін белсендірек пайдалану, бағалау нәтижелерін бақылауға арналған онлайн қосымшаны қосу және сұрақтар банкі көлемді басылымын дайындаудың маңыздылығын талқыладық.

Білім алушылардың жазба жұмыстарын бағалау критерийлерін әзірлеу мәселелері де қозғалды. БИЛ-дің БТС және НЗМ сияқты тәуелсіз бағалау бойынша оң тәжірибесі мектептегі бағалаудың ажырамас және маңызды бөлігіне айналып келеді.

Сонымен бірге формативті және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, құралдарын, критерийлерін реттеу, ішкі және сыртқы бағалау тақырыбында көбірек зерттеулер жүргізу, мектепішілік бағалау мен ынтымақтастық мәдениетін дамыту да маңызды.

Біз қазірдің өзінде пән оқулықтарына қосымша болатын мұғалімдерге арналған нұсқаулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастадық. Онда мұғалімдерге көмекші құрал болатын және олардың жұмысын, соның ішінде бағалауды жеңілдететін барлық ақпарат болады. Сондай-ақ оларды білім басқармалары сатып алуға міндетті ОӘК (оқу-әдістемелік кешені) тізіміне қосамыз.

Біз сұрақтар банкі және бағалау рәсімін қосымша цифрландыру бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Келесі жылы бұл бастаманы іске асыруды жоспарлап отырмыз.

СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) порталы - үлкен көмек болатын жүйе. Ол жаңартылғаннан кейін жұмысын жалғастырып, мұғалімдердің сұранысындағы ақпараттармен толықтырылуы қажет.

Жалпы, бағалау басқарудың маңызды құралы, оқыту мен оқу процесінің ажырамас бөлігі екенін түсіну керек. Ол ата-аналарға да, оқушыларға да, басшыларға да кері байланыс берудің маңызды функциясын орындайды.

https://t.me/aimagambetov/416