«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері марапатталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері марапатталды

2020 жылғы 28 ақпан күні Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтің қатысуымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді. Конкурсқа республикамыздың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегерлерінің құрамында 56 ғылым докторы, 68 ғылым кандидаты, 58 PhD докторы, 18 магистрант бар.

Оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.

Аталған грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктіліктерін арттыру үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.