Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

 

✅ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Түркиядан Қазақстанға кәмелетке толмаған отандасымызды қайтарды

✅ Асхат Аймағамбетов Алматы тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді

✅ Асхат Аймағамбетов Алматыдағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 180 директорымен, сондай-ақ қаладағы колледждер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен білім беру саласындағы мәселелерді талқылады

✅ «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

✅ Қазақстандық колледждерде 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасы жаңартылды

✅ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

✅ Ернұр Дәуенов ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды

✅ Оқу-ағарту министрі арнайы бағдарлама аясында еліміздің 4 өңірінде жұмыс істеп жатқан мұғалімдермен онлайн кеңес өткізді

✅ Насымжан Оспанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

✅ TikTok өкілдері қазақстандық педагогтерге вебинар өткізді

✅ Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласының мың тұрғыны алдында есеп беру кездесуін өткізді

✅ Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласындағы жас мамандармен, сондай-ақ балабақша, мектеп, колледж директорларымен кездесті

✅ Асхат Аймағамбетов Республикалық физика-математика мектебін (РФММ) 50 жылдығымен құттықтады

✅ Асхат Аймағамбетов Астанада Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатына қатысты