«ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Оқу-ағарту министрлігі кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында жариялаған «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

Байқау қорытындысы бойынша Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласының №4 орта мектебі 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласының №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Оларға Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табысталады.
Жеңімпаздарды құттықтап, оларға оқуда озат болуды тілейміз!

Сонымен қатар қазақстандықтардың да белсенділігін атап өтіп, оларға байқауға атсалысқандары үшін алғыс білдіргіміз келеді. Байқауға ересектер де, балалар да қасысты. Қатысушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен бейнероликтер жариялап, ұстаздарына алғыстарын жаудырды.