Абай күнін тойлау тарихи оқиғамен - Президенттің Абай облысын құру туралы шешімімен ерекшеленеді. Асхат Аймағамбетов қазақ ақынын туған күнімен құттықтап, оқушыларға оның шығармашылығымен танысуға, сондай-ақ М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармаларын оқуға кеңес берді.

Бүгін біз халқымыздың ұлы перзенті, ағартушы Абай Құнанбайұлының күнін атап өтіп жатырмыз.
 
Биыл данышпан ойшылдың 177 жылдығы еліміз үшін маңызды тарихи сәтпен ерекшеленді. Ақынның туған жері бүгінгі күнде Абай өңіріне айналды.
 
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдаған шешімі барлығымыз үшін үлкен қуаныш болды.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Абай Құнанбайұлын еске алуға арналған көрмелер, әдеби сағаттар өтіп жатыр.
 
Оқушыларымызға көрнекті ағартушының шығармашылығымен, еңбектерімен толығырақ танысуға кеңес беремін.
 
Сондай-ақ Абайдың өмірбаянын зерттеуде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» еңбегінің маңызы зор. Шығарманы әлі оқымаған балаларға демалыстың соңғы айын тиімді пайдаланып, осы кітапты оқуды ұсынамын.
 
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0onDDHtUWJjELJjPnpp6zfkF4bKHaZ3g8DJ16tP3ZJgWc4qRTjPXxtkbW9GQPin6yl