Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Білім беру жүйесінде 2021 жылдан бастап балаларды қосымша біліммен қамтудың жаңа тетігі жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Мәдениет туралы» Заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарын орналастыруды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, Сіздің балаңыз жоғарыда аталған мемлекеттік тапсырыстар аясында, бір үйірмеге және бір спорт секциясына тегін қатыса алатынын назарыңызға саламыз.