Биологиядан халықаралық олимпиадада біздің оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды - Асхат Аймағамбетов

Биологиядан халықаралық олимпиадада біздің оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды - Асхат Аймағамбетов
Биологиядан халықаралық олимпиадада (IBO-2022) қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жаңартты. Олар өткен жылы 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын.
 
Ереванда (Армения) өткен білім жарысына әлемнің 64 елінен 250 оқушы қатысты.
 
Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларынан 4 оқушы қорғады. Ал бұл оқушының барлығы беделді олимпиаданың жеңімпаздары атанды.
 
Ұлттық құрама қоржынына Ерасыл Темірбеков, Дінмұхамед Омар және Әлихан Жұмағалеев күміс медаль әкелді. Ал қоланы Бақдәулет Ерназаров жеңіп алды.
 
Оқушыларымызды лайықты жеңіспен құттықтаймын! Жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыра беріңіздер!