Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Құрметті талапкерлер!

ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі. Шалғай өңірлердегі талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында бейнебайланыс арқылы кеңес беретін виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына, сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 7172 741670. Қосымша ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан алуға болады: https://testcenter.kz