Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысына барып, халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге өңірдің 250-ге жуық тұрғыны қатысты.

Жиын кезінде ата-аналар, білім беру саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.
Сұрақтар бала асырап алу, инклюзивті оқыту, мектептердегі және ПМПК-дағы қызметкерлердің штаты, білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты болды. Одан бөлек, студенттерді колледждерде оқыту және оларды оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.
Министр кездесуде қатысушылардың қойған барлық сұрақтарына  берді және жиынға қатысқан барша ақмолалыққа уақыттарын бөліп келгендері және білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғыс білдірді.
Есептік кездесуден кейін Жоғары техникалық колледж ғимаратында білім басқармасының қызметкерлерімен, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері мен колледж басшыларымен кездесті. Олардың жан басына қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу, цифрландыру, төлем стандарттары, студенттерді жұмыспен қамту және т.б. тақырыптарға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар Ақмола облысындағы бірнеше ауыл мектебіне барды. Сондай-ақ республикалық «Жас маман» жобасы бойынша жабдықталған Ақмола облысының Жоғары техникалық колледжінде болды. Материалдық-техникалық жағынан тиісті деңгейде жабдықталған. Түлектердің жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуы 99,7%. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатылған. Қаңтар мен наурыз аралығында студенттер шетелдік компанияларда ақылы өндірістік тәжірибеден өткен. Сонымен бірге жұмыс берушілердің қатысуымен демо-емтихандар да өткізіледі. Онымен қоса, колледжде практикалық сабақтарда өндірілген өнімдерді сату жұмыстары жолға қойылған.

Сондай-ақ Щучинск қаласындағы жаңа «Білім-инновация» IT лицейінде де болды. Мектептің педагогикалық құрамының сапасын, материалдық-техникалық базасын атап өтті.

Осы білім беру ұйымының барлығына тапсырмалар беріп, оларды орындау мерзімдерін белгіледі.

Сондай-ақ іс-сапар барысында министр азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Халықпен осындай кездесулер басқа өңірлерде де жүргізілетін болады.