Көтерілген барлық сұрақ пен ұсыныс бақылауда болады - Асхат Аймағамбетов Павлодарда халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

Көтерілген барлық сұрақ пен ұсыныс бақылауда болады - Асхат Аймағамбетов Павлодарда халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

Павлодар қаласында халық алдында есеп беру кездесуін өткіздім. Оған өңірдің 300-ге жуық тұрғыны қатысты. Оның ішінде ата-аналар қауымы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері көп болды. Екі сағаттан астам уақыт бойы тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Түрлі сұрақтар қойылды, олардың әрқайсысына жауап беруге тырыстым. Атап айтқанда, балалардың мектептегі қауіпсіздігі, асханадағы тамақтану, олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі, оқу бағдарламалары, ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер) жұмысы туралы мәселелер, «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында көмекті бөлу және басқа да маңызды тақырыптар бар.

Көтерілген барлық сұрақ пен ұсыныс бақылауда болады. Облыс әкімдігінің құзырындағы сұрақтар жергілікті деңгейде шешіледі. Қалған мәселелер бойынша министрлік қызметкерлері барлық қажетті жұмысты жүргізеді.

https://t.me/aimagambetov/148