ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АРТЕРИЯЛЫҚ ПАТОЛОГИЯНЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ОЙЛАП ТАПТЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АРТЕРИЯЛЫҚ ПАТОЛОГИЯНЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Ғалымдардың пікірінше, бұл миокард инфарктісінен, инсульттан, трофикалық жаралардан, төменгі аяқтың гангренасынан, сондай-ақ басқа да мүшелердің мүгедектігі мен өлімді азайтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қан тамырлары патологиясы орталығының қызметкерлері артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар мен әдістерге Қазақстан Республикасының екі патентін және Еуразиялық патенттік ведомствоның екі патентін алды.

«Біздің өнертабыстарымыз «Артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғы және әдіс» және «Атеросклеротикалық бляшкаларды селективті ультрадыбыстық диссекцияға арналған құрылғы және артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіру әдісі» деп аталады. Емдеу әдісі мынадай: біз артерияларда жабық қуыс жасап, артерия арқылы қан ағып жатқан кезде атеросклеротикалық бляшкаларды препаратпен ерітеміз. Бұл өнертабыстар атеросклеротикалық бляшкаларды түбегейлі жоюға және бірден бірнеше артерияларды тазалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қан тамырлары патологиясы орталығының директоры Оралбай Дәрменов.

Бұл құрылғыларды қолдану қан тамырларын стенттеу, сондай-ақ өмірлік маңызды мүшелер, яғни жүрек, ми, төменгі аяқ артериялары және т. б. тамырларына ашық шунттаушы операциялар сияқты белгілі және күрделі әдістермен салыстырғанда емдеудің салыстырмалы түрде тиімді болжамдары мен сапасын береді.

«Жыл сайын әлемде стенттер 60 млрд долларға сатылады, біз ұсынатын емдеу әдісі әлдеқайда арзанырақ болады. Біздің өнім техникалық та, құны жағынан да жақын аналогтардан бірнеше есе асып түседі», – деді профессор Оралбай Дәрменов.

Қазіргі уақытта ғалымдар клиникалық сынақтар мен коммерциялық өндіріске арналған құрылғылардың зертханалық және өндірістік үлгілерін жасаумен айналысып жатыр.