Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Бүгін 3,6 млн оқушы оқу жылын аяқтады.
 
Ал 171 мыңнан аса түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді түлектердің мектептегі қорытынды емтихандары, одан кейін ҰБТ-сы басталады.
 
Пандемия мен білімдегі олқылықтардың салдарын жою үшін жазғы мектептер ұйымдастырылады.
2021-2022 оқу жылы ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де оңай болған жоқ.
 
Пандемиядан кейін толыққанды дәстүрлі форматтағы оқуға қайта оралдық, білімдегі кемшіліктермен жұмыс істедік, қайтадан мектепке бойымызды үйреттік, онымен қоса бір-бірімізге де үйрендік, толық вакцинациядан өттік, жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін мектептерді жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс атқардық.
 
Ең бастысы, осының бәріне қарамастан, педагогтердің еңбегінің, ата-ананың қолдауы және оқушылардың еңбекқорлығы арқасында осы қиындықтарды жеңе білдік.
 
Мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!