Еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылады, - Асхат Аймағамбетов

Еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылады, - Асхат Аймағамбетов
 
Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр.
 
Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады.
 
Бұл кезектілік мәселелерін шешуге әсер етіп, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді.
 
Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
 
Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылады.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219985914174446/?d=n