АЙТЫЛДЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

АЙТЫЛДЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

01.09.2021 жыл

❗ АЙТЫЛДЫ:

«Біз «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бүгінгі күні NEET санатындағы 237 000 жас қамтылмаған. Жыл сайын 50 мың талапкер ақылы негізде оқуға түседі, олардың 85%-ы аз қамтылғандар санатына жатады. Бұл жағдайды түзету керек. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуды қамтамасыз ету қажет».

 

✅  ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Қазақстан колледждерінде 288,3 мың студент тегін оқиды. Гранттарды бөлу кезінде көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім алуды қажет ететін отбасылардың балаларына басымдық берілді.

 

🔺 2022 жылы колледжде оқуға арналған гранттар саны 45 000-ға артты. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстың жалпы саны 125 мыңды құрады. Бірінші кезекте тегін біліммен көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалары бар отбасылардың балалары қамтылады.

 

🔺 ҚР БҒМ кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кадрларды мақсатты даярлауды енгізіп жатыр. Биылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.

 

🔺 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұл негізінен металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салалары бойынша мамандықтар.