Олжас Ордабаев «Talap» КЕАҚ бірінші басшысы болып тағайындалды

Олжас Ордабаев «Talap» КЕАҚ бірінші басшысы болып тағайындалды

Олжас Ордабаев ҚР Білім және ғылым министрлігі «Talap» КЕАҚ президенті болып тағайындалды.

Ол Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Cesar Ritz Colleges Switzerland-та магистратурада оқыды.

Олжас Ордабаев 2007-2008 жылдары «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ жобаларының үйлестірушісі болды. Қоғамдық қорды, кейін «Қазақстан Студенттер альянсының» Алматы штабын басқарды. «Біз қуатты Қазақстан үшін» жастар қозғалысы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстандық азаматтық қорғау қоры» ҚҚ вице-президенті болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдар аралығында Олжас Ордабаев «Жаңа технологиялар және азаматтық қорғау қоры» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды.

2015 жылғы мамырдан 2018 жылғы қаңтарға дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарып келеді.

Олжас Ордабаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.