ШЕТЕЛДІК АНАЛОГТАРДАН АРЗАН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫСТА ЖОЛДЫ ҚАУІПСІЗ ТАЗАЛАЙТЫН «МҰЗЖАРҒЫШ» ОЙЛАП ТАПТЫ

ШЕТЕЛДІК АНАЛОГТАРДАН АРЗАН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫСТА ЖОЛДЫ ҚАУІПСІЗ ТАЗАЛАЙТЫН «МҰЗЖАРҒЫШ» ОЙЛАП ТАПТЫ

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары қысқы уақытта жолдар мен тротуарларды тазалауға арналған тиімділігі жоғары және қуат үнемдейтін құрылғы ойлап тапты. Қар тазалаудың жаңа әдісі жолдар мен тротуарларды зақымдамайды және адамдарды тайғанап құлаудан сақтайды. Мұзжарғыштар қазірдің өзінде «Евротехсервис-К» ЖШС, «Өскемен тазалық» ЖШС сияқты кәсіпорындарда қолданылып келеді. Отандық өнім осыған дейін қолданыста болған шетелдік аналогтарға қарағанда бірнеше есе арзан.

«Коммуналдық қызметтердің жұмысында ең қиыны – асфальттағы мұздың соңғы қабатын алу. Егер оны фрезерлік машиналармен алатын болсақ – қазып немесе кесіп алсақ,  онда жол төсенішіне зақым келуі мүмкін. Соның кесірінен асфальт нашарлап, пайда болған жырыққа су жиналуы мүмкін. Ал су жол бетін бүлдіріп тастайтыны анық. Яғни, біз мұздан да толық құтылмадық, жол төсенішін де сақтап қала алмадық. Алдымызда жол жабынын сақтап, мұзды сындыру міндеті тұрды. Сол үшін мұзжарғышты ойлап тауып, құрастырдық.  Мұзды толығымен сындыратын күштер мен режимдер есептеліп, жолдың немесе жаяу жүргінші жолының беті толығымен аман сақтап қалдық», - дейді Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ машина жасау мектебінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Михаил Дудкин.

Дудкин мұқият тазалау әдісін жаппай қолдану жыл сайынғы жолдарды жөндеуге бюджет шығындарын азайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, өнертабыстың өзі арзан жоба саналады.

«Конструкция үлкен шығындарды қажет етпейді және жол щеткасымен бірге оңай жұмыс істей береді, яғни жұмыс механизмінің өзі ғана ауыстырылады. Бұл құрылғының бағасын айтарлықтай төмендетеді», - дейді ғалым.

Бүгінгі таңда басқа компаниялар да отандық ғылыми әзірлемеге қызығушылық таныта бастады. Қазір ғалымдар жазғы-күзгі кезеңде өз функцияларын пайдалану үшін машиналарды бейімдеу үстінде.