ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі өтті
Іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген педагогтер, лингвист-ғалымдар қатысты. Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Педагогтер қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Съезде елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылатыны туралы хабарланды

Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
Министрдің жеке қабылдауында азаматтар білім саласына қатысты ұсыныстары мен шағымдарын жеткізді. Білім және ғылым министрі әрбір азаматтың мәселесіне жеке тоқталып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берді.

Асхат Аймағамбетов Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрі Бахтиер Саидовпен кездесті
Министрлер 1994 жылы қол қойылған Келісімді жаңарта отырып, екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару жөнінде келісті. Бахтиер Саидов Astana Garden School, «BINOM», «Quantum school» және басқа да мектептерді көрді. Қазақстан мектептеріндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу тәжірибесімен танысты. Еліміздегі педагог мәртебесін арттыру үшін қабылданған шешімдер, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жөніндегі шаралар және жеке мектептер салу тетігіктерін зерделеді.

https://youtu.be/5f32w0rB2Hk