ҚР БҒМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР БҒМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, оның ішінде басшылық құрам білім беру саласының ардагерлерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Аға әріптестеріне барып, оларға мерекелік сыйлықтар сыйлады.

БҒМ қызметкерлері құттықтағандардың ішінде құрметті физика мұғалімі Супрунова Галина Емельяновна бар. Ол мектепте 40 жыл жұмыс істеп, бүгінде әртүрлі салаларда елімізге қызмет етіп жүрген бірнеше ұрпақты тәрбиеледі.

Сондай-ақ ҚР БҒМ өкілдері бүкіл өмірін білім саласына арнаған Мырзағалиева Бахыт Кинджағалиевнаға барды. Ұзақ жылдар бойы ол министрлікте түзету педагогикасы мен инклюзивті білім беру саласына жетекшілік етіп, қазақстандық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосты.

Білім беру саласының қызметкерлері биыл 83 жасқа толған Павлодар педагогикалық колледжінің еңбек сіңірген қызметкері Бертысқанова Галия Керімжанқызына да барды.

Министрлік департаменттері мен комитеттерінің басшылары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Турмаханбетова Шәкен Шолпанқұлқызын, ұзақ жылдар ҚР БҒМ Ғылым комитетінде қызмет атқарған Манасбай Қожанұлы және ҚР БҒМ кадр қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Аубакирова Майраш Ахметқызыны құттықтады.

Министрлік өкілдері ардагер ұстаздарға білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін ерекше алғыс білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.