Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелері туралы жазбасы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелері туралы жазбасы

Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін нақты ереже болған жоқ, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін. Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес.
Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес.
Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.

https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10219446776816349