Меню
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Министрлік туралы
QAZVAC (QAZCOVID-IN)
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 20 ЖОО ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ 48 ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРІНЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 20 ЖОО ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ 48 ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРІНЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛДІ

Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиада жеңімпаздарына арнайы білім гранттарын бөлді.

Олимпиаданың республикалық кезеңі жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша 15-18 қараша аралығында өтті. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 48 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдарымен — 11 оқушы, II дәрежелі дипломдармен — 15 оқушы және III дәрежелі дипломдармен 22 оқушы марапатталды.

 «Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға ниет білдіріп, оларға арнайы гранттар бөлді. Бұл олимпиада өткізу барысында дарынды балаларды көтермелеу үшін қолға алынған алғашқы теңдессіз шара. Мұндай қолдау дарынды балалардың әлеуетін іске асыруға және еліміздің адами капиталын дамытуға қомақты үлес қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушылар ҚР БҒМ дипломдарын, медальдар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу сертификаттарын алды. Оқушыларымыздың нәтижелері ел ішіндегі, тіпті түрлі халықаралық олимпиадаларда да жақсарып келе жатқанын атап өткен жөн», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Естеріңізге сала кетейік, ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтті. Зияткерлік байқауға еліміздің барлық өңірінен өңірлік және іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша іріктелген 182 оқушы қатысты. Оқушыларға төрт пән бойынша тапсырмалар берілді: математика, физика, химия және биология.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалады. Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн көрсетілді.

Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грант берген 20 жоғары оқу орнының тізімі:

  1. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  2. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  3. Сатбаев Университеті
  4. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
  5. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  6. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  7. Рудный индустриалдық институты
  8. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  9. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  10. Павлодар педагогикалық университеті
  11. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
  12. Нархоз
  13. Қазақстан-Британ техникалық университеті
  14. М. С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті
  15. Алматы Менеджмент Университеті
  16. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  17. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  18. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
  19. Каспий қоғамдық университеті
  20. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Дата публикации
18 ноября 2021
Направления деятельности
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Орта білім
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Заңнама
Ашық Үкімет
ҚР Үкіметінің құрылымы
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Тұрақты даму мақсаттары