Меню
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Министрлік туралы
QAZVAC (QAZCOVID-IN)
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Кездесуде адам капиталының өңірлік даму мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаны іске асыру тетіктері мен әдістемесі қаралды. Дүниежүзілік банктің білім беру саласын қоса алғанда, мемлекеттік шығындарды шолу бойынша зерттеу жұмыстары пысықталды. Министрлік білім беру саласындағы шығындарды мұқият талдау үшін Дүниежүзілік банктің Маңғыстау, Атырау және Түркістан өңірлерін айқындау туралы ұсынысын қолдады. Тараптар күн тәртібінде белгіленген барлық мәселе бойынша ортақ пікірге келді.

Асхат Аймағамбетов ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы мәлімдеді
Білім және ғылым министрі әлеуметтік желідегі парақшасында Үкімет қаулысымен үш негізгі нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілгенін айтты. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары, базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары бар. Енді 12 айдан астам мерзімге гранттық қаржыландыру алатын жобалар бойынша аралық есептер тапсырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ министр конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі 145 жұмыс күнінен 92-ге дейін қысқартылғанын жеткізді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, конкурстық өтінімдерге қосымшалардың саны 12-ден 5-ке дейін азайтылған. Сонымен қатар Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің Әдеп кодексі бекітілді. Министр жазбасында рәсімдер мерзімін азайтуға бағытталған тағы бір өзгеріс топтамасын әзірленіп, енгізілетінін айтты.

«БҒМ LIVE» айдарында мектеп оқушыларына арналған олимпиадалар туралы ақпарат ұсынылды
Instagram әлеуметтік желісі арқылы оқырмандардың сұрақтарына «‎Дарын»‎ республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов жауап берді.

Дата публикации
13 ноября 2021
Направления деятельности
Мектепке дейінгі білім
Техникалық және кәсіптік білім
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Орта білім
Ғылым
Қашықтықтан оқыту
Цифрландыру
Тіл саясаты
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Заңнама
Ашық Үкімет
ҚР Үкіметінің құрылымы
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Тұрақты даму мақсаттары