Меню
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Министрлік туралы
QAZVAC (QAZCOVID-IN)
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
«Білім-инновация» лицейінде оқитын мектеп оқушылары, өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларымен кездестім.
 
Еліміздің әр аймағында білім алып жатқан оқушылармен қызықты әрі мазмұнды әңгіме өрбіді. Өз кезегінде, оқушылардың белсенділігі қуантып, олардың қойған сұрақтарына жауап бердім.
 
Балалар SAT, Ұлттық бірыңғай тестілеу, пәндік олимпиадаларға дайындық мәселелері бойынша қызығушылық танытты. Сонымен бірге буллинг мәселесі, жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер, «Оқуға құштар мектеп», «Дебат», «Өзін-өзі басқару» жобаларының жүзеге асырылуы және басқа да мәселелер туралы әңгімелестік.
 
Қазіргі таңда мектепте өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі жобамыздың аясында білім беру ұйымында мектеп парламенттері құрылып жатыр.
 
Парламенттер жұмысының шеңберінде әріптестерім өз тәжірибелерімен бөлісіп, бастамаға қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Бұл балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, олар өз пікірлерін ашық білдіруі әрі мүдделерін қорғай алуы үшін жасалып жатқан бастама.
 
Кездесу барысында балалардың оқуға деген құлшынысы мен белсенділігін, түрлі тақырыптарға деген асқан қызығушылығын байқадым. Оқушыларымыз болашақта биік шыңдарды бағындыратынына, сондай-ақ еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін.
Дата публикации
08 ноября 2021
Направления деятельности
Орта білім
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Заңнама
Ашық Үкімет
ҚР Үкіметінің құрылымы
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Тұрақты даму мақсаттары