Меню
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Министрлік туралы
QAZVAC (QAZCOVID-IN)
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Асхат Аймағамбетов «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионатының ашылу салтанатына қатысты
Шара барысында министр еліміз WorldsSkills қозғалысы бойынша әлемдік рейтингтегі позициясын едәуір күшейткенін айтты. Айта кетейік «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатына еліміздің барлық өңірінен келген 450-ден астам жас маман бақ сынайды. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысын өткізді
Күн тәртібінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жастардың тәрбие жұмысы қаралды. Дебаттық қозғалыстың жүзеге асырылуы және оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру барысы қарастырылды. Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту бойынша шаралар пысықталды.

ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті
Комиссия отырысына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төрағалық етті. Жиында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары тыңдалды. Сондай-ақ Түркістан облысындағы балалардың құқықтарын қорғау жағдайы талқыланды. Министрдің кеңесшісі Р.П. Шер Түркістан облысында жүргізілген «әдістемелік десант» сапарының нәтижелері туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, еліміздегі балалардың 14%-ы тұратын өңірде бала құқықтарын қорғау бойынша өрескел бұзушылықтар орын алған. Министр Түркістан облысының әкімдігіне «әдістемелік десант» ұсыныстары бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Жалпы ВАК отырысында балалар арасындағы суицидті болдырмау шаралары, оларға сапалы білім беру, дұрыс тамақтандыру сынды мәселелер қаралды. Балалардың құқықтарын қорғау саласын жақсарту бойынша ұсыныстар тыңдалды. Отырыс соңында министр еліміздің басқа өңірлеріне «әдістемелік десант» жұмысын жалғастырудың маңызды екенін айтты.

«БҒМ LIVE» айдарында WorldSkills Kazakhstan қозғалысы туралы ақпарат ұсынылды
Instagram әлеуметтік желісі арқылы оқырмандардың сұрақтарына Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова жауап берді.

«БҒМ LIVE» айдары оқырмандарға бір аптада екі мәрте ұсынылды
Айдардың кезекті санында Ғылым қорының қызметі туралы ақпарат берілді. Оқырмандардың сұрақтарына тікелей эфирде ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Орсариев жауап берді.

 

Дата публикации
07 ноября 2021
Направления деятельности
Мектепке дейінгі білім
Техникалық және кәсіптік білім
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Орта білім
Ғылым
Қашықтықтан оқыту
Цифрландыру
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Заңнама
Ашық Үкімет
ҚР Үкіметінің құрылымы
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Тұрақты даму мақсаттары