Меню
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Министрлік туралы
QAZVAC (QAZCOVID-IN)
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысын өткізді
Күн тәртібінде WorldSkills Kazakhstan қозғалысын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жоо ректорларымен өткізілген кеңес нәтижесі бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру барысы пысықталды.

Министр А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысына қатысты
Комиссия отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев төрағалық етті. Жиында ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойын өткізу бойынша дайындық жұмыстары қаралды. Білім және ғылым мнистрі А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар жобасымен таныстырды. Сондай-ақ министр алаш қайраткерінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін айтты.

Асхат Аймағамбетов Атырау қаласына іс-сапары барысында «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты
Қазақстан, Түркия, Еуропа, АҚШ, Жапония және Ресейдің жүзден астам ғалымы, Алтын Орда дәуірінің мәдени мұрасына үңілді. Жаңа ғылыми парадигма Алтын Орда тарихы туралы көптеген ғылыми тезистерді қайта қарады. Айта кетейік, Алтын Орда тарихын одан әрі зерделеу үшін қазақстандық ғалымдар 15 ғылыми жобаны іске асырады. Сондай-ақ Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи зерттеу институты көп томдық басылым шығарады. Асхат Аймағамбетов конференция біткен соң Атырау қаласындағы этно ауылдың жұмысымен танысты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Саржансай ауылында мердігерлік ұйымдар жүргізіп жатқан ауыл ішілік көше жолдарын жөндеу жұмыстарын қарады. Сондай-ақ министр Мәртөк ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Асхат Аймағамбетов Мәртөк ауданының Хлебодаровка ауылдық мектебінде болып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Сонымен қатар министр Қарғалы ауданы Петропавловка ауылындағы жергілікті мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. Ондағы оқушылармен әңгімелесіп, мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Министрдің жұмыс сапары Хромтау ауданында жалғасты. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ А. Аймағамбетов Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасын көрді.

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Nobel Fest «Болашақ – бүгін!» фестивалінің ашылу салтанатына қатысты
Жиында вице-министр Қазақстанның білім және ғылым саласында енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен бөлісті. Нобель фестивалі аясындағы ұсыныстар еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Дата публикации
31 октября 2021
Направления деятельности
Мектепке дейінгі білім
Техникалық және кәсіптік білім
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Орта білім
Ғылым
Қашықтықтан оқыту
Цифрландыру
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Заңнама
Ашық Үкімет
ҚР Үкіметінің құрылымы
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Тұрақты даму мақсаттары