ҚР БҒМ «КАЛЬМАР ОЙЫНЫ» СЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

ҚР БҒМ «КАЛЬМАР ОЙЫНЫ» СЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Кальмар ойыны» сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы түсініктеме берілді. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ата-аналар мен мектеп балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйрету керектігін атап өтті. Сериал 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.

«Бұл сериал қазақстандық өнім емес және белгілі бір шектеулері бар. Сериал 18 жастан асқан ересек адамдарға көруге арналған. Сондықтан ата-аналар мен мектептер бұл мәселеге назар аударулары керек. Балалардың психикасы енді ғана қалыптасып келе жатқанда кез-келген ақпаратты ата-аналарда да, мектеп мұғалімдері де өз бақылауында ұстауы қажет. Тәлім-тәрбие тұрғысынан біз осы фильмдегі шектеулерге назар аудару керектігін есте ұстауымыз керек», – деді Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Сондай-ақ ол биылдан бастап барлық білім беру ұйымында таңдау бойынша «Жаһандық құзыреттілік» курсы енгізіліп жатқанын хабарлады. Ол балалардың сыни ойлау, эмоционалды интеллектін дамытуға бағытталған. Оқушылар ақпаратты дұрыс қабылдауға үйренетін болады.