«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімін, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, тоқтата тұру, тоқтату шарттарын енгізу нормаларын және енгізілетін өзгерістерге жүргізілген реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізуді жоспарлауда.

2021 жылғы 21 қазанда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімін, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, тоқтата тұру, тоқтату шарттарын енгізу нормаларына қатысты «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Заң жобасы) және лицензиялауға енгізілетін өзгерістерге өткізілген реттеушілік әсерін талдау нәтижелері орналастырылады.

А.ж. 22 қазанда сағат 15.00-де ZOOM бейнеконференция арқылы жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық талқылау өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қоғам, бизнес өкілдерін және мүдделі мемлекеттік органдарды Заң жобасын және реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 74-24-30, +7 (7172) 74-24-29, телефондары арқылы хабарласу сұралады.