ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Otarbiopharm» биофармацевтика зауытына барды

QazVac вакцинасын шығаратын зауытта Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те болды. Жамбыл облысында орналасқан зауытта ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері еңбек етіп жатыр. Президент БҚПҒЗИ қызметкерлерімен жеке әңгімелесіп, вакцина өндірісін үлкен жетістік деп атады және мемлекет ғылыми қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалайтынын айтты. Президентке отандық вакцинаны шығарудың өндірістік процесі мен технологиялық жабдықтар көрсетілді. Мемлекет басшысына вакцина өндіру көлемі жөнінде де мәлімет берілді. 16 қыркүйектен бастап «QazVac» вакцинасының 100 мыңнан астам дозасы шығарылады

Асхат Аймағамбетов ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) халықаралық вебинарына қатысты

Онлайн-вебинар «Білім берудегі деректер негізіндегі шешімдер: Қазақстан сабақтары» тақырыбында өтті. Күн тәртібінде Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл тәжірибесі талқыланды. ЭЫДҰ Білім беру және дағдылар жөніндегі директоры Андрейс Шляйхер ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымының жұмысын жоғары бағалады. Ол ұйымның халықаралық аренада өзін оң жағынан көрсеткенін атап өтті. Ақпараттық-талдау орталығы бүкіл әлемде білім беру саласындағы ақпаратты, деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Биыл ұйым өзінің 10 жылдығын атап өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жүргізіліп жатқан жұмыс Қазақстанға деректерді жинау, талдау және тарату бойынша Орталық Азия өңірінде жетекші орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«БҒМ LIVE» айдарында мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат ұсынылды

Instagram әлеуметтік желісіндегі пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жауап берді. Ол дәстүрлі офлайн оқытудың артықшылықтары, «Үздік педагог-2021» конкурсының қорытындысы туралы, сондай-ақ дәстүрлі форматта оқитын балалардың сырқаттанушылығының жалпы пайызы өте төмен екендігі туралы айтты.