ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде қосымша білім беруде мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылу барысы пысықталды. Дарынды балаларды қолдау шаралары талқыланды. Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту мәселесі қарастырылд. «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының орындалу барысы қаралды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев төрағалық етті. Отырыста Комиссияның ақпараттық жұмысы және ғылыми баспа қызметіне басымдық беру шаралары қаралды. Комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Жиында Асхат Аймағамбетов Комиссия құрамындағы ғалымдардың, жұмыс топтарының іздестіру-зерттеу жұмыстары туралы баяндама жасады.

Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Азаматтардың білім саласына қатысты ұсыныс пікірлерін тыңдап, жеке мәселелерін қарады. Министрге бейнебайланыс арқылы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтау қалаларының, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі жоо мен мектептерге қатысты болды. Асхат Аймағамбетов барлық сауалға толық жауап беріп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Көтерілген кейбір сұрақтар бойынша Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.