24-31 наурызда орталық шахмат клубында (Астана қ) «Ұлттық мектеп лигасы» аясында Шахматтан «Ақбозат» жарысы өтеді.
Жарысқа 9-11 және 5-8 сыныптар арасында үшінші кезең жеңімпаздары қатысады. Сайыстың бас төрешісі-Е.Шакенов, бас хатшысы- А.Әубакиров бекітілді.
Ұлттық мектеп лиганың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, балалар-жасөспірімдер қылмысы, діни экстримизм сияқты зияфнды әдеттерден спорт арқылы көңілін аудару, рухани жігерлікке,адамгершілікке, патриотизмге, өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру.
Айта кетсек, лига төрт кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезең-ауылдық(мектепшілік) жарыс (сыныптар арасында )
Екінші кезең- қалалық жарыс (мектепаралық)
Үшінші кезең- Астана,Алматы және Шымкент қалалары мен облыстық жарыстар (екінші кезең жеңімпаздар арасында)
Төртінші кезең-республикалық жарыс (ақтық кезең-үшінші кезең жеңімпаздары)
Барлық сұрақтар бойынша ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру зертханасының бас жаттықтырушысы Төлендиев Нұрділдә Амангелдіұлына 8-708-329-12-78 телефон арқылы хабарласыңыз.