2021 жылғы 12 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында Internews алаңында «Медиа сауаттылық — ХХІ ғасырдың негізгі білім беру құзыреттілігі ретінде» панельдік сессиясы өтті.
Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық педагог қатысты. Панельдік сессия аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, Internews, медиасауаттылық жөніндегі өңірлік консультанттар, MediaNET халықаралық журналистика орталығының медиасауаттылық бағытының басшылары, медиасауаттылық жөніндегі мамандар сөз сөйледі.
Панельдік сессияға қатысушылар 21 ғасырдағы мұғалімдер мен оқушылардың негізгі құзыреттерін, медианы оқу және түсіну мәселелерін, сыни ойлау бойынша интерактивті ойындарды, медиасауаттылықты арттырудағы медиаэтиканың маңыздылығын және т.б. талқылады.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылдады.