Бүгін Рүстем Айдарбекұлы Биғари берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Ол білім және ғылым министрлігінде үш жыл жұмыс істеп, цифрландыру саласына жетекшілік етті.
Осы уақыт ішінде Рүстем Айдарбекұлы өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Цифрландыру процесін қамтамасыз ету үшін, әсіресе пандемия кезінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматттандыру үшін бар күшін салды.
Рүстем Айдарбекұлына бірлескен жұмысы және білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын.