Құрметті талапкерлер!

Құрметті талапкерлер!

Осыған дейін 16 шілдеден бастап елімізде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлаған болатынбыз. Қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады.

Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер санының артуына байланысты, білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде талапкерлерден денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни, болашақ студенттердің денсаулық жағдайы туралы анықтама алуына әлі уақыт бар. Пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды қорғау өте маңызды.